Бауырсақ пісіруден көктемдегі дәстүрлі баттлға қатысушылар барын салып осы бір дәстүрлі тағамды түрлі пішін мен көлемде жасауға тырысты. Облыстық № 1 балалар үйі, сөйлеу қабілеті төмен балаларға арналған №9 мектеп-интернат, сондай-ақ табысы аз отбасылардың балаларына арналған №10 және №17 мектеп-интернаттардың құрама командалары Наурыз мерекесін осылайша атап өтті.
Мерекеге әр командада 20 баладан барлығы 80 бала қатысты. Мекеме өкілдері тәрбиелеушілердің жетекшілігімен қамыр илеп, бауырсақтарға пішін беріп, май қыздырып және «жартылай фабрикатты» қуырып жатқан кезде командалардың қалған қатысушылары басқа жарыстарда күш сынасты.
Биыл стритболдың орнына балалар эстафетаға қатысты, би өнерін көрсетті және рэп құрастырды. Жазылған өлең жолдары арқылы командаластары дайындаған бауырсақтарды таныстырды. Барлық жарыстар аяқталып, мараптау өткізілгеннен кейін балалар дәмді аспен түстеніп, авиашоу тамашалады.
«Арман дала» балалар лагерінің аумағындағы мерекені Samsung компаниясының қаржылай қолдауымен «АЯЛА» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/3054-news-rus#sigFreeId908c57301f