№1 Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Спорт – өмір салты» атты турнир өтті.
Жиырма жасөспірім республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервтік мектеп-интернатына экскурсиға барып, жас спортшылар қалай оқып, жарыстарға дайындалатынын көрді.
Сонымен қатар, қазақстан жастар құрамасының мүшелері үстел теннисінен мастер-класс өткізіп, шағын турнир ұйымдастырды. Шараны ұйымбастырушылар «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, «АЯЛА», қайырымдылық қоры және олимпиадалық резерв мектебі. Жоба мақсаты спортпен айналысуға қызығушылықты арттыру және спорт мектебіне қалай түсу туралы балаларға ақпарат жеткізу.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/3066-news-rus#sigFreeIdca86e6f751