Алматы мен Талғардағы балалар үйлері тәрбиеленушілеріне Eco klubnika компаниясы тың және шырынды құлпынай сыйлады.
Компания басшылығы демалыс маусымының басталуын осылай атап өтуді шешті. Іле Алатауының бөктерінде өсірілген экологиялық таза жидектің 300 килограммы Алматының № 1 балалар үйі, Алматы облысының № 1 балалар үйі, "Жанұя" мамандандырылған кешені, Алматының SOS Балалар ауылы, сондай-ақ Талғардағы "Ковчег" және "Нұр" балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында бөлінді.
Жидек балаларға жеткізілетін күні жиналды, сондықтан ол үстелге балғын түрінде келіп түсті. Оқушылар хош иісті және шырынды дәмге керемет қуанып, екі ұрттарын толтырып рахаттана жеді.