Алматыда мектеп-интернаттар мен балалар үйлерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында үздік вайн конкурсы басталды. Жобаның мақсаты – қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан жасөспірімдерді әлеуметтік желілер үшін ойын-сауық бейне-контентін жасауға тарту және олардың арасынан болашақ вайнерлер, актерлер, режиссерлар мен сценарист дарынын ашуға көмек беру. Жобаны «АЯЛА» қайырымдылық қоры әйгілі Pazl және TJokers вайн-топтары, сондай-ақ 48Hours Орталық Азиялық қысқа метражды фильмдер конкурсын ұйымдастырушылардың қатысуымен іске асыруда.
Конкурс 4 кезеңнен: іріктеу, оқыту, вайн түсіруден және финалдан тұрады. Бас жүлде –жеңімпаз команда үшін SAMSUNG смартфондары.
Жобаға қатысушыларды іріктеу қазан айында басталды. 3 мектеп-интернаттарда (10, 15 және 17) және қалалық және облыстық 2 балалар үйінде «АЯЛА» қайырымдылық қорының өкілдері бірнеше апта ішінде жоғарғы сынып оқушылары үшін таныстыру шараларын өткізді. Конкурсант атану үшін балалар өздерінің шығармашылық және актерлік қабілеттерін көрсете отырып қысқа ойналатын бейне түсіруі және конкурсты ұйымдастырушыларға белгілі бір мерзімге дейін жіберуі қажет болды. Барлығы жүзден астам жөсөспірімдер арасынан 39 адам тапсырманы орындай алды. Енді олар белгілі онлайн-режиссер және сценарист Ерден Телемісов, танымал театр және кино актері Асқар Ильясов және тревел-блоггер Ханзат Кеңестің режиссура, актерлік шеберлік және смартфонмен бейне түсіру және монтаждау негіздері бойынша бірқатар мастер-класстарынан өтуі тиіс.
Жобаның екінші кезеңі 12 қарашада басталды. Конкурстанттармен танысу, шабыт беру және болашақ конкурстық вайндар үшін идеялар әзірлеуге көмектесу үшін әйгілі Pazl юутб-командасы, TJokers вайн-ұжымы келеді. Олар өз жетістіктерінің тарихымен бөлісті және балаларды керемет бейне тарихтарды түсіруге қажетті лайфхактармен таныстырды. Сонымен қатар олар балалардың шығармашылық процесін бағыттау үшін конкурсанттарды өзара 7 топқа бөлді. Екінші кезең ішінде барлығы 4 мастер-класс өткізіледі. Содан кейін үшінші кезеңде вайндарды түсіру басталады, олар 2 аптаға созылады. Осы уақыт ішінде әрбір команда Жаңа жыл тақырыбына ұзақтығы бір минутқа дейінгі кемінде бір бейне түсіріп, оны ұйымдастырушыларға 18 желтоқсанға дейін тапсыруы тиіс.
Конкурстың финалы 2019 жылғы 25 желтоқсанда өтеді. Балалар өз вайндарын кинотеатрдың үлкен экранында көре алады. Үздік команда SAMSUNG компаниясынан супер-жүлде – смартфондар алады. Бұған қоса, кәсіби қазылар алқасы әртүрлі 10 номинация бойынша жүлдегерлерді анықтайды, оның ішінде ерлер мен әйелдер рөлдерін сомдау, сценарий және тіпті айрықша әсерлер де бар.
Неғұрлым талантты балалар болашақта Pazl және TJokers-пен бірге бейне-контент түсіруге қатысу мүмкіндігін алады.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры мектеп-интернаттар мен балалар үйлерінің үлкен сынып оқушылары арасында үздік вайн конкурсын «Кәсіби бағдарлау» жобасы шеңберінде іске асыруда. Оның мақсаты – балалар үйлерінің және мектеп-интернаттардың балаларының әлеуметтік бейімделуіне көмек беру. «Кәсіби бағдарлау» жобасын 6 жыл бойы іске асырып келеді. Осы уақыт ішінде 5 курс өткізілді, ағаш ұсталығы және тігін ісі бойынша 17 арнайы шеберхана ашылды, бұл жобаның педагогтары және қатысушылары ретінде ондаған тамаша және қайырымды адамдар тартылды, ал Қазақстанның әртүрлі қалаларының мыңдаған балалары оқып, білім алды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/3180-news-rus#sigFreeIdaccf47ab8f