Біздің байырғы досымыз – Алматы қаласының Бегалин атындағы ірі балалар кітапханасы кезекті рет өз қызметкерлерінің креативтілігін растап, Халықаралық балалар кітабының күнін мерекелеуді ұйымдастырды. «Ертегілер бірге жиналды» атты театрландырылған әдеби ойынға белсенді оқырмандар болып табылатын мектеп оқушыларын шақырды. Олардың қатарында «Жанұя» мамандандырылған білім беру кешеніндегі біздің қамқорлығымыздағы балалар да бар. Әдеби ойынның барлық қатысушылары өздерінің білімдарлығын көрсетіп, театрландырылған қойылымға белсенді түрде қатысты.
Бұл іс-шара біздің қорымыз бірнеше жыл бойы іске асырып келе жатқан «Dавайте Dелать Dобрые Dела (4D)» («Қайырымды Істерді Жасайық») жобасының кезекті кезеңі болып табылады. Бұл жобаның негізгі мақсаты – біздің отандастарымызға арнайы тәрбие беру мекемелеріндегі балалардың пайдасына қайырымдылықтың себебі тек Жаңа Жыл қарсаңы немесе Халықаралық балаларды қорғау күні ғана емес, жылдың кез келген күні болуы мүмкін деген қағидатты көрсету болып табылады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/925-news-kz#sigFreeId27430c6123