04-06-2015 «Премия МУЗ-ТВ 2015» қатысушыларымен бірге қайырымдылық шара

Бүгін бас қаланың төрт алаңында қайырымдылық шаралар өтті – интернаттар оқушыларының...

Бүгін бас қаланың төрт алаңында қайырымдылық шаралар өтті – интернаттар оқушыларының спорттық және музыкалық сайыстары, ҚазҰӨУ студенттерінің арасындағы музыкалық сайыс, және тағы Астана, Қарағанды және Теміртау балалық үйлерінің тәрбиеленушілерімен бірге, олардың қатысушылары мен қазы алқалары үлкен музыкалық көрініске - «Премия МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» премиясының тапсырыс рәсіміне келген жұлдыздар болған флешмоб өткізілді.

Астана, Теміртаудағы балалық SOS ауылдар және Қарағанды қаласындағы балалық отбасылық типтас «Таңшолпан» үйінің тәрбиеленушілері үшін өткізген флешмоб ССО «Керуенде» болып өтті. Шараның ұйымдастырушысы болып шыққан «АЯЛА» қайырымдылық қоры балалар мен оларды жетелеушілерінің Қазақстанның бас қаласына келіп-кетулерін қамтамасыз етті. Балалар флешмобтың бағдарламасы бойынша, 4 топқа бөлініп әр түрлі стилдегі би қимылдарын жаттады, оларға бұны жасауға кәсіби хореографтар көмектесті. Әр тобқа өз көріністері үшін келісті костюмдар мен реквизиттер берілді. Осының барлығы балалар үшін шараның ұйымдастырушылары берген сыйлықтардың бірі болып табылды.

 «Керуенге» келген көпке таралған ресейлік «Пицца» тобының қатысушысы Сергей Приказчиков балалармен бірге көрініс көрсетуге шықты. Ал, содан кейін жұлдызбен бірге балалардың «автограф-фото-селфи» сессиясы өтті. Сергейдің өзі балалармен билегенін бейне-селфи етіп, оны әлеуметтік желілердегі өзінің бетіне салыпты. Ал, флешмобтың аяғында далада ауа шарларын әшекейлі ауаға жіберу рәсімі өтізілді. Assorti Keruen мейрамханасы ұсынған дәмді тамақтан кейін балалар мен олардың қасында жүргендер Қарағанды облысына қайтудың алдында Астана көшелеріне қызық тартымды саяхат жасады. Флешмобтың барлық қатысушысы қайырымдылық шараға қатысқаны туралы сертификаттарға ие болды. Балалардың көңілдері көтеріңкі болды, себебі, олар жұлдызды көруге, онымен суретке түсуге және онымен әңгімелесуге мүмкіндік алды. Сергей Приказчиков – ашық адам екен, балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, оларды ойнатып шаттандыра білді.    

Спорттық «Олимпийская деревня МУЗ-ТВ» және «Олимпийские игры МУЗ-ТВ» жарыстары Республикалық мамандандырылған мектеп-интернатында және Boxing Development Centre-де ұйымдастырылған. Бұл жарыстардың қонақтары Қазақстанның атақты боксерлері Серік Сапиев, Берік Абдрахманов, Қайрат Ералиев, және, солай-ақ, танымды ресейлік әнші Юлия Савичева болды. Олар әділ қазылардың мүшелері және әр түрлі мектептерден келген балалардың арасында өткен спорттық эстафеталар мен спорттық сессиялардың командаларының капитандары болып сайланды.  

Республикалық мамандандырылған мектеп-интернатында «Пицца» тобының қатысушысы және қазақстандық әйгілі боксерлер Берик Абдрахманов пен Қайрат Ергалиев ерекше эстафеталардың – қанат тарту, сумо, бөгеттермен жүгіріс, элеметтермен стандартты емес секірулер және тағы басқа спорттық жарыстардың әділ қазылары болып сайланды. Дәстүрлі «автограф-фото-селфи» сессиясы және «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен телеарна «МУЗ ТВ-ның» логотиптері бар ауа шарларын жіберу рәсімі екі спорт жарыстарының да қорытынды финалы болып табылды.

Шығармашылық сайыс Қазақ Ұлттық өнер Университетінде (ҚазҰӨУ) өткізілді. Студенттерге алдын ала тапсырмалар таратылды – толық құнды музыкалық нөмірлер дайындап келу.  Бұрын ҚазҰӨУ-дің студенті болған Егор Крид әділ қазылардың мүшесі болды. Студенттер мынадай номинациялар бойынша қорытынды жасаған 5 нөмір дайындапты – ең жақсы вокал, әртістқойлығы және спецэффектілер бойынша. Осының барлығы бірге және толық құнды мөлшерде көрсетілген көрініс бас жүлдеге – ең жақсы нөмір үшін берілген дипломға ие болды. Балаларға әшекейлі және жандыратын музыкалық нөмірлер дайындауға көмектескен педагогтар да солай естерлік дипломдармен белгіленді. «Стань звездой МУЗ-ТВ» сайысының қорытындысын жасағаннан кейін барлық концертке қатысушылар МУЗ-ТВ-ның әнұранын орындады. Ал, енді, өздеріңіз де сезген шығарсыңыздар, шараның аяғында болатын дәстүр болып қалыптасқан «автограф-фото-селфи» сессиясы туралы және Астананың биік аспанына әдемі ауа шарларын жіберу туралы.

 «АЯЛА» қайырымдылық қоры шараға қатысқан барлық жас қатысушылардың атынан «Премия МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» ұйымдастырушыларына, ресей эстрадасының жұлдыздарына, Қазақстан бокс Федерациясына және олимпиадалық чемпион Серік Сапиевке жеке, және тағы «Керуен» ССО-ғы мен Assorti Keruen мейрамханасына шараны өткізуге берген көмектері үшін, шараның жетекшілері Гүлнар Бисаринова мен Бауыржан Нурумовқа шынайы ризашылығын білдіргісі келіп отыр. Барлық өткен шараның жалпы бюджеті 1 449 501 теңгені құрады.

Атақтары әйгілі адамдармен жақын араласу мүмкіндігі, автографтар мен естерлік суреттер алу балалық үйлердің тәрбиеленушілері үшін, интернаттардың оқушылары үшін және ҚазҚӨУ-нің студенттері үшін сондай бір ұмытылмас оқиға болды. Шығармашылық және спорттық шараларда барлығы 500-ден астам адам жиналды. Астананың қайырымдылық акциясына қатысқандар үшін сыйлықтар оргкомитеті «Премия МУЗ-ТВ 2015. Гравитация-ның» салтанатты рәсіміне 500 билет бөліп берді, ол ертең «Астана Арена» стадионында өтетін болды. 

 

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп_part1

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп_part2

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп_part3