Біздің қор екінші балалар үйіне Наурыз мерекесін тойлауға шақырылды. Біз қонаққа құр қол бара алмадық. «АЯЛА» қоры тәрбиеленушілерге заманауи фотопринтерді сыйға тартты. Енді балалар өздігінше фотосуреттерін басып шығарып, олармен өз альбомдарын толтыратын болады. Бізбен қатар, бұл мерекеге басқа да қолдаушылар: «Сәби» қоры, «Қазатомөнеркәсіп» пен Қалалық соттың өкілдері шақырылған болатын.Бұл ұйымдар да осы балалар үйіне қамқорлық көрсетуде.
Біз өз тарапымызға айтылған көп жылы лебіздерді естідік. Бірақ бізге ерекше ұнағаны -балалардың ұйымдастырған концерті болды. Концертке үш алматылық жоғары оқу орнының: политехникалық университеттің, өнер академиясы мен ҚМЭБИ волонтерлері де қатысқандығы қуантады. Бұл дарынды жастарға бөлек алғысымызды білдіреміз.