«Алматы Қиял әлемі» саябағында «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорлары «Күлкі күні 2009» шарасын өткізді. «Күлкі күні» екінші рет өткізіліп отыр. Бұл балалар үйлерінде тәрбиеленетін балаларға арналған мереке. Биылғы жылы мерекеге төрт балалар үйінен жеті жүзден астам бала шақырылды.
«Алматы Қиял әлемі» саябағы осы шараны өткізу үшін өз аумағы мен аттракциондарын ұсынған болатын. Балалардың қуанышында шек болмады. Олардың көбі аттракционнан немесе карусельден енді түсе салысымен, қайта «тебу» үшін бірден айналып келіп, шағын кезекке тұрып жатты.
Біздің мерекеге қала әкімі Ахметжан Есімов, әкімнің орынбасары Сейдуманов С.Т., Алматы қалалық білім беру департаментінің бастығы Р.С. Шимашева, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі З.Д. Аманжолова келіп қатысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Б.Г. Мұхамеджанов, ҚР Халық банкі Басқарма Төрағасының орынбасары және GLORIA inc. туристік компаниясының өкілі Муслима Мұхтарова сыйлықтарды - спорттық құрал-жабдықты табыстады.
Биылғы жылы мерекенің барлық қонақтарын тамақтандыруды «Bellagio», «Line Brew», «Mamma Mia», «Грильяж», «Тюбетейка», «SADU» мейрамханалары және сусын шығарушы Resmi Group ("Да-да" шырындары) және су шығарушы Caspian Industries ("VITA" суы), Continent trade (TASSAY суы) компаниялары қамтамасыз етілді.
Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері мен қазақстандық жас танымал музыканттар концерт қойды. Мереке-думанды танымал шоу-мэн Александр Шумский жүргізді. Дәстүр бойынша бұл күні балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табысталды.
Былтырғы жылы бұл бейне және фото камералар, спорттық жабдық, сәнді киім болатын. Биылғы жылы балалар брустар, велотренажерлер, гирьлер мен гантельдерді, күреспен және акробатикамен айналысуға арналған жұмсақ төсемелерді, басқа да спорттық жабдықты сұраған болатын, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне осы мерекенің демеушілері талап еткендерін жеткізіп берді.
Біз кейін балалардың қандай әсер алғанын білу үшін балалар үйлеріне телефон шалған болатынбыз. Бізге балалардың өте риза болып келгенін, ал тәрбиешілердің осы кеште балалар ертерек жатып, қатты ұйықтағанына қуанғандығы жайлы айтып берді.
«Алматы Қиял әлемі» саябағының директоры Ақпамбетов Марат Құлахметұлына және осы отбасылық ойын-сауық саябағының барлық қызметкерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Осы игі дәстүр – балаларға арналған мереке – КҮЛКІ КҮНІН өткізу дәстүрі әлі де жалғасады деген үміттеміз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/orphanages-kz/item/975-news-kz#sigFreeId738d52dc64