Біздің қорымыз №1 қалалық балалар үйіне Алғыс айту Күніне арналған мерекеге шақырылды. Бұл мереке Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Назарбаева С.А. бастауымен Қазақстанда алғашқы рет аталып отыр. Балалар өздерінің барлық меценаттары үшін көп емес, бірақ өте көңіл жібітетін концерт дайындапты. Бізге балалар өз қолдарымен еңбек сабақтарында жасаған «бұйымдар» сыйлады. Біз де, әрине, бос алақан келген жоқпыз. Мерекелік дастарқанды біздің қор жемістермен көркемдеді – біз алма, банан, мандариндер әкелдік. Ал «Assorti» ресторандар желісіндегі біздің тұрақты достарымыз балаларды жеңіл тәтті пирожныйларымен қуантты. Мереке жақсы өтті!