12 наурызда Кызылағаш ауылында болып өткен зұлматтан біздің тұрақты Kaspi bank демеушілеріміз де тыс қалған жоқ. Kaspi bank пен бірге жасаған біздің қордың акциясы - өте қажетті тұрмыс техникасын сатып алып ауылға жеткізу болды. Біз Қызылағаштың тұрғындарына 34 тоңазытқыш және 1микротолқынды пеш апарып бердік. Жаздың күні азық –түлікті сақтау үшін тоңазытқыш аса маңызды зат. Бұл көмек - әншейінде дүлей апатпен қатар жүретін жұқпалы аурулардың оталуына алдын ала қарсы жасалған шара болатын. Kaspi bank қызметкерлеріне селқостық емес, кеңшілік білдіргені үшін тағы да разылық білдіріп алғысымызды айтамыз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/1031-news-kz#sigFreeId5429c4ddb7