25-07-2010 Air Astana кеңселеріндегі құтылар

Қорымыздың ақша салу үшін жасалған құтылары, енді «Air Astana» ұлттық әуе...

Қорымыздың ақша салу үшін жасалған құтылары, енді «Air Astana» ұлттық әуе компаниясының билет сату кеңселерінде де орнатылды. Енді, әуе тасымалдаушы компанияның қызметтерін пайдаланатын әр адам, ақшалай көмек беріп, қорымыздың игі бастамасына қатысып өз үлесін қоса алады. «АЯЛА» қорының жобаларына көптеген әйгілі компаниялар әр түрлі көмек беруін әлі де жалғастыруда. Бұл қорымыз үшін көңіл қуантарлық жәйт. Сонымен қатар, ақша салу үшін жасалған құтылар, «Nomad Oil» жанармай бекеттері желісі, «Assorti» мейрамханалары желісі, «Viled» зергерлік бұйымдар компаниялары желісі, «Мамамия», «Palladium», «Glen pub», «Marrone Rosso», «Тюбетейка», «Nirvana bar» мейрамханалары желісі, «Dialin» интерьер үйі желісі, «Platinum Profit» туристік компаниясы, «Эллада» сұлулық академиясында орнатылғандығын есіңізге саламыз.

«Air Astana» ұлттық әуе компаниясының билет сату кеңселерінде орнатылған қорымыздың ақша салу үшін жасалған құтылары, енді қорымыздың жобаларын жүзеге асыру үшін көбірек қаржы жинауда өз септігін тигізеді деп сенеміз. «АЯЛА» қоры, «Air Astana» компаниясының басқармасына көрсеткен игі көмегі мен мейірімді жүрегі үшін алғысысын білдіреді.