22-03-2011 Британдық наурыз

Наурыз күндері, тұманды Альбион жағалауларынан қуанышты хабар келіп жетті. 

Наурыз күндері, тұманды Альбион жағалауларынан қуанышты хабар келіп жетті. University College London университеті жанындағы, Қазақстандық студенттер ұйымы, туған жерлерінде, Наурыз мерекесінде жасалынатын қазақ салт-дәстүрлерін естен шығармайды. Осыған орайластырып, Ұлыбританияның әр түрлі колледждері мен университеттерінде бір қатар қайырымдылық шаралары өткізілді. Аталмыш шаралардан жиналған қаражаттың барлығы, ол 945 фунт стерлингті құрады, біздің қорымызға жіберілді. Қорымыз, бұл қаражатты Қазақстан балалар денсаулығын сақтау саласына көрсетілетін көмекке бағытталған жобаларға жұмсайтын болады.

Теңгеге шаққанда, жиналған қаражат 221 319 теңгені құрап отыр. Қаржы жинауда Ұлыбританияның келесі жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. : Queen Mary University Kazakh Society, Cambridge University Kazakh Society, Nottingham Kazakh Society, Oxford Kazakh Society, Manchester Kazakh Society, Warwick Uniersity Kazakh Society, Aberdeen Kazakh Society, UCL Kazakh Society, Bristol Kazakh Society. Сондай-ақ аталмыш шараға тек қазақстандық емес, басқа елдің студенттері де көмек қолын созды.

Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып, осы акцияның өтуіне елеулі үлес қосқан адамдарға және де жекелей Ерік Қарабаевқа шын жүректен алғысымыз бен ізгі лебізімізді білдіргіміз келеді.