Көктем, адам ағзасында дәрумендердің азаятын кезі екені бәріне мәлім. Гипо және авитаминоз балалық кезде өте қауіпті. Бұл дәрумен жеткіліксіздігінің орнын толтыру үшін, көктемде көбірек жеміс және көкөніс жеген абзал. Осы орайда, №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, «Албана» ЖШС, сый ретінде ішінде 300 бананы бар 3 құты беріп жіберді. Банан құрамында дәрумендерден бөлек, адамның жан дүниесіне қысқа мерзімді болса да, бақыт сезімін сыйлайтын зат бар. Бұл сезім, әсіресе ата-ана қамқорын көре алмаған бүлдіршіндер үшін аса маңызды.