Алматы қаласындағы Дипломаттар Клубы жыл сайын өткізілетін Қайырымдылық түскі асын, АӨЫСШК (Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес)-нің Атқарушы директоры Құрметті Елші Чынар Алдемир мырзаның резиденциясында өткізді. Аталмыш түскі ас шеңберінде жиналған қаражаттың барлығы, тұрмысы нашар отбасылардағы балаларға көмек ретінде жіберіледі. Сонымен қатар, түскі ас кезінде, Жапонияда жер сілкінісі және цунамиден зардап шеккен адамдарға көмек көрсету үшін қаржы жиналды. Қорымыз, бұл игі шараға да өз үлесін қосты.