Kaspi bank, еліміздің қайғылы жағдайға ұшыраған тұрғындарына үнемі көңіл бөліп, қол ұшын созады. Үстіміздегі жылдың көктемінде, Батыс Қазақстанның аймағында орын алған күшті су тасқынының салдарынан бірнеше аудан зардап шекті. Зардап шеккендердің ішінде балалар да бар. Кейбіреулер баспанасыз қалды. Әлеуметтік мекемелерге орналастырылған балалар көптеген керек-жарақтарынан айрылды. Kaspi bank, зардап шеккен аудандардағы балаларға көмек көрсету мақсатымен, қорымыздың есеп-шотына қаражат аударды. Барлық заттар, Орал қаласының сыртында орналасқан «Орал» туберкулез диспансеріне жіберілді. Аталмыш диспансер, су тасқыны эпицентрінде, Деркөл және Шаған өзендерінің арасында орналасқан.
114 ауру, шипажай қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері Орал қаласына жедел түрде көшірілді. Зардап шеккендер, көйлек, жеңіл көйлек, жеңіл жейде, джинсы, спорттық киім және аяқкиім, зардап шеккен адамдарға өте орынды көмек болғанын айта отырып, Банк басқармасына қамқорлығы және де осындай қысылтаяң кезеңде көрсеткен көмектері үшін зор ризашылықтарын білдірді. Ал, су тасқынынан зардап шеккен аудандардың 7 және 14 жас аралығындағы 200 баласы, «Талап» жазғы лагерінде демалу мүмкіндігіне ие болды. Бұл сый, Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылып жасалды. Батыс Қазақстан аймағында орын алған су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге бағытталған жобаның жалпы құны- 7 710 000 теңгені құрады.