Бүгін әріптестеріміз қайырымдылық саласында өте маңызды шараны атап өтуде. Алматыда балалар хосписі ашылды. «Здоровая Азия» қоғамдық қоры бұл шараның өткізілуіне үлкен үлесін қосты. «Здоровая Азия» қорының президенті Нагима Плохих онкологиямен ауыратын адамдардың кездесетін мәселелерімен етене таныс.
Балалар онкологиясы-тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар дүниежүзі медицинасының да күрделі мәселесі болып табылады. Балалардың жан тәсілім сатысындағы тартқан азабы, ата-аналармен қатар дәрігерлерге де өте ауыр тиеді. Хоспис- жазылуынан үміт үзген ауру балалардың, жаны мен тәніне азап шектірмей жан тәсілім ететін орын болып есептеледі. Балалар хосписінің ашылуы- жазылуынан үміт үзген ауру балалардың жақындарына «дамылдау» мүмкіндігін береді.
Қайырымдылық қорлары қайымдастығы және «АЯЛА» қайырымдылық қоры, бұл жобаға сүбелі үлестерін қосты. Осы орайда, дәл осы күні бірінші қайырымдылық жарысын ұйымдастыру арқылы, жобамызға демеу көрсеткен, қазақстандық жас RnB және Хип-Хоп орындаушыларының бастамасы бізді қуанышқа бөлегендігін айта кеткен жөн. Осы жарыс аясында жиналған қаражаттың барлығы, Қазақстандағы бірінші балалар хосписінің жұмысын қаржыландыруға жіберілетін болады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/1125-news-kz#sigFreeIde66c5d3cb8