04-09-2011 Туған күніңмен, «GLOBUS»!

«Globus» Ойын-сауық орталығы, ашылу мерейтой салтанатына орайластырып, қала...

«Globus» Ойын-сауық орталығы, ашылу мерейтой салтанатына орайластырып, қала тұрғындарымен қала қонақтарына әдемі мереке ұйымдастырды. Балаларға арнайы, түрлі жарыстар, эстафета және сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Мерекенің ең жақсы тұсы, бір уақытта түрлі-түсті сабын көбіршіктерін үрлеу және балалар арасында әдемілік жарысының өткізілуі болды. Аталмыш мерекенің үлкен қонақтары болса, қайырымдылық марафонына қатыса алды.

Қашықтық,  Абай даңғылы бойымен «Globus» ОСО-нан бастау алып, Бауман көшесіне дейін жалғасты. Мәре нүктесінде, мөлдір барабан орналастырылған болатын. Мәреге жеткен әр қатысушы өзінің лотерея билетін сол барабанға салды. Лототрон, мереке өтіп жатқан жерге алынып келінді. «Globus» ОСО-мерей тойының ең есте қаларлығы, ол көркем пиротехникалық шоу болды.

Қайырымдылық марафонының қорытындылары бойынша, қорымызға 100 000 теңгежіберілген. Бұл қаржы, елімізде Халықаралық Балалар күнін таныту шараларына жұмсалады деп жоспарлануда. Осы орайда, есіңізге сала кетейік, аталмыш мереке БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының Бала хұқығы жөніндегі декларацияны қабылдаған күні, яғни қараша айының 20-ында аталып өтуде.

Қорымыздың қаражат жинауға араналған құтысы,  «Globus» ОСО-да орнатылған күннен бастап, 277 000 теңге жиналған. Қорымыз қамқорлығындағы балалардың атынан, «Globus» ОСО-ның барлық келушілеріне, көрсеткен көмектері үшін шынайы алғысымызды білдіре отырып, осы адамдардың барлығына денсаулықпен бақыт тілейміз.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Globus» ОСО-ын мерейтойымен құттықтаймыз және де барлық қызметкерлеріне, жалға алушылармен қатар, Globus» ОСО-ының басшылығына мол табыспен жұмыстарының алға басуын тілейміз.

Сонымен қатар, аталмыш «марафон» қатысушыларының барлығын аты-жөнімен атап өткіміз келеді: