Алматыдағы хайуанаттар бағында тұңғыш рет хайуанаттарға арналған УДЗ аппараты пайда болды. Қызметкерлерге жаңа жабдықты «АЯЛА» қайырымдылық қоры және SamsungElectronics Central Eurasia компаниясы берді. Аппарат хайуанаттар бағының қызметкерлеріне аурулардың заманауи диагностикасын жасауға және жануарлардың буаздығын сәтті жүргізуге көмектеседі. Ультрадыбыстық зерттеу рәсімінен өткен алғашқы емделуші декоративтік теке болды. Текенің денсаулығы нормаға сәйкес келді. Алматыдағы хайуанаттар бағында балықтарды қоспағанда барлығы бір мыңнан астам хайуанат тұратынын атап өткен жөн. Жаңа жабдықтың орнатылуына байланысты әкімшілік мал дәрігерін Мәскеу қаласына біліктілігін арттыру курстарына жіберу туралы шешім қабылдады. Осы күндері Алматы хайуанаттар бағына 78 жыл толатынын қосымша атап өтеміз. Бұл – Қазақстанның байырғы хайуанаттар бағы. Алғашқы келушілерді ол 1937 жылғы 8 қарашада қабылдаған болатын.
«УДЗ аппараты біздің хайуанаттарға аса қажет. Мысалы, бұрын біз несеп қуығындағы және бүйректегі таспен байланысты ауруларды анықтай алмайтынбыз. Сонымен қатар, аппарат хайуанаттардың буаздығын ерте мерзімде анықтауға көмектеседі. Ал бұл өте маңызды, себебі ондай хайуанаттардың тамақтану және кей кезде тұру жағдайлары да жиі өзгереді», – деп хабарлады Алматы қ. хайуанаттар бағының бас мал дәрігері Азамат Дүйсенов.
«SamsungElectronicsCentralEurasia компаниясы және «АЯЛА» қоры үшін бұл хайуанаттарға көмек көрсетудің алғашқы бірлескен тәжірибесі. Бұл аса маңызды жоба, себебі Алматы хайуанаттар бағы Қазақстандағы бірегей ғылыми-ойын-сауық объектісі болып табылады», – деп атап өтті SamsungElectronics компаниясының әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджері Бағжан Бердібай.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/1186-news-kz#sigFreeId59b53b3419