Бүгін М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік Академиялық Орыс Театры қуанышқа, көтеріңкі көңіл-күйге және балалар күлкісіне толы болды. Бас сахнада белгілі актерлер кәдімгі ертегі көрінісін көрсетті. Алайда бұл күні басты кейіпкерлер олар емес, көрермендер болды. Әртістердің шебер ойынын мүмкіндіктері шектеулі балалар тамашалап отырды. Олардың жасы бір жарым жастан жиырма үшке дейін. Олардың барлығы да Алматы қ. Медеу ауданында тұрады және үйінде оқиды. Жаңа жылдық іс-шараға балалар жақсы дайындалды – мерекелік костюм киіп келді. Театрландырылған көрініс аяқталғаннан кейін олар шыршаны көтеріңкі көңіл-күймен айналды. Содан кейін әрбір бала өзінің тәтті жаңажылдық сыйлығын алды. 197 кәмпит пен шоколад жиынтығы «Мамамия» және Ciao pizza мейрамханалар желісінің «АЯЛА» қайырымдылық қорының бокстарында жиналған қаражатқа сатып алынды. Іс-шараны ұйымдастырушы - Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде қызмет көрсету бөлімшесі. Бір жарым сағаттық толассыз қызықты іс-шара зымырап өтті. Көрермендер риза болып кетті, ең бастысы олар ертегі мен сиқыр әлеміне сенді. Жаңа жылдық көріністің өзі ғажайып құбылыс болды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/1399-news-kz#sigFreeIdbba50a89f0