Бостандық ауданының мүгедек балаларына арналған №3 оқушылар үйінде «Зазеркалье» қуыршақ театрының көрінісі өтті. Бұл шараның өтуі Бостандық әкімшілігінің қызметкерлері арқасында мүмкін болды. Мүгедек балалар үшін осындай мерекелер үлкен сиректік. Біздің қор мерекені ұйымдастыруға шығынды төлеп берді де, қонақтардың тамақтануын қамтамасыз етті, біз мерекеге гамбургер-менюдің 100 қорабын әкеліп бердік. Міне, тақпаққа салынған мынадай алғыс сөздерін біз Бостандық ауданының әлеуметтік жөніндегі қызметкерлерінен алдық.
Қорға біз разымыз,
Үшін залда отырғанымыз,
Үшін гамбургер, фри картоп,
«Хайнц» кетчуп, боп,
Шырында уақытында жетті келіп
Қалып едік қатты шөлдеп.
Берік ағамыз үшін де рахмет,
Барлығымен ұқыпты ед,
Тұрған өзі бір асылдық,
Біледі ету басшылық!
Ал Ксения ше – ғажайып!
Бала қарайды оған таң қалып.
Сыйлықтарды үлестіреді
Шын көңілмен, жан салып.
Самал болып жүреді
Ұмытпайды ешкімді!
Команда оган ереді
Шапшаңын сен көрдің бе?!
Белсеңді де икемді,
Сиқыршы болып кетпесе,
Қолы қайда?... Алақай!
Шығарды ол сыйлықтар!
Қарашы өзің, ғажап-ай!
Білші соны бағалай!
Танытуға кереметтерді
Жарты-ақ сағат жетеді.
Әлеуметтік жөніндегі қызметкер ГульмираАктановадан
(аудармашыдан: аударам деп кейбір сөздерін ауыстырып жіберсем, Гульмирадан кешірім сұраймын)
8 мерекелік шараларға барлығы 640 290 тенге салынды. Бұл ақшалар сыйлықтар, тағамдар мен жол жүрулерге кетті. Бірақ балалардың қуанышын ақшамен өлшей алмайсың. Мерекенің көбін біз Мәдениет жылына арнаған жылда балалар көп жаңалықтармен танысты. Біздің осы жылы ойлап тауып өткізген мерекелердің формалары біздің өзіміз үшін де жаңалық болды. Біз балалар күндерін мұражайда, киностудияда, кітапханада өткізуге болады-ау деп ешқашан ойламаппыз. «АЯЛА» қайырымдылық қоры Дүниежүзілік балалар күнін өткізіп жүргеніне қатарымен 3 жыл болды. Біздің көрсеткен үлгімізді басқа қайырымдылықтар да – үлкен банктер немесе коммерциялық құрылымдардан жай қарапайым бей-жай емес адамдарға дейін қолдап кетер, деп сенеміз, себебі мейрбан істерді тек Жаңа жыл қарсаңында ғана немесе Балалар қоғау күнінде ғана емес, басқа күндері де жасай беруге болады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/1459-news-kz#sigFreeIdb7e57bf354