Біздің қордың президенті Айдан Сулейменова «Қайырымдылық» номинациясында http://vlast.kz/obsshestvo/vlast_podvodit_itogi_golosovanija_v_ramkah_premii_ljudi_goda-1091.html сайт келушілер дауыс берулерінің жетекшісі болды. Ол дауыстың 50% жинап алды. Осы сыйлық туралы сайтта былай деп жазылған: "Сыйлық "Жыл адамдары-2012" - интернет-аудиториясы мен әр-түрлі сала және ортадағы ел сараптама қоғамдастықтар жетекшілерінің бірлесіп берген бағасы. Сыйлықтың талап ету номинациялары болып маңызды мемлекеттік, саясаттық, қаржылық-экономикалық пен бизнес элита өкілдері табылады.
Дауыс беру екі кезенде өтеді. Бірінші кезенде интернет-аудитория дауыс береді: оқырмандарға әр 12 номинациядан 4-8 кандидатқа дауыс беру ұсынылды. 20 желтоқсанда интернет-дауыс беру аяқталады, номинацияның әр біреуінде қоғамдық пікірінің 3 жетекшісі қалады. Одан кейін сараптама аудиториясының арасында дауыс беру өткізіледі (шамасы 100 сараптаушы – жорналистер, политологтар, экономистер, қоғам қайраткерлері). Сыйлық қорытындысы 25 желтоқсанда хабарланады".
Сараптама кеңесі біздің қайырымдылық корымыздың президентіне дауыстың жартысын берген интернет-пайдаланушылардың пікірін қолдар, деп үміттенеміз. Біз, Айдан Сулейменованың, демек, «АЯЛА» қайырымдылық қоры барлық ұжымының жұмысына баға берген сыйлық «Жыл адамдары 2012» бетіне келушілердің барлығына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.