Әлемнің барлығы Ұлы Отан соғысын Жеңудің 70-жылдығын атап өтуге дайындалуда. Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы осы айрықша оқиғадан тыс жақта қалған жоқ. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, Ауғаныстанда КСРО соғысқа қатысқандарын, соғысқа қатысушылардың жесірлерін және еңбек майданының ардагерлерін қолдау үшін компаниямен 651 451 теңге бөлініп берілді. Бұл қаражатқа «АЯЛА» қоры біздің даңқты ардагерлердің сұрауымен 46 азық-түлік кәрзеңкелерін, тонометрлер және қызыл қалампыр гүлдерін сатып алды.
Осындай 23 жиынтықты біз Samsung Electronics компаниясының қызметкерлерімен қосылып Алматыда тұратын ардагерлердің қолдарына апарып тапсырдық, ал, қалған 23 сәлемдемені біз көліктегі ішкі істердің Оңтүстік Шығыс департаментінің соғысқа қатысқандарының жесірлері мен ардагерлеріне жібердік. Жеңіс күніне қарсы сыйлықтарды Ридерде, Шымкентте, Таразда, Семейде, Үштөбеде, Арыста, Өскеменде, Шуда, «Защита» және «Луговая» стансияларында алып үлгерді.
Әр азық-түлік кәрзеңкенің құрамына макарондар, жармалар, қант, консервілер, өсімдік майлары, тәттілер, тушенка және кепкен тоқаштар кірді.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры кімге Ұлы Отан соғыстағы Жеңіс тарихтағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылса, солардың барлығын құттықтайды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/1500-news-kz#sigFreeId78985b91d8