Мемлекет үйлерінде білім алып жатқан мүгедек балаларды назарынан тыс қалдырмайды. Бұндай балалармен жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкерлері айналысады. Біздің қор бұрын бұл бөлімнің жұмыстарына бірнеше рет қатысқан. Жаңа жыл қарсаңында Медеу ауданының жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметттік бағдарламалар бөлімі өз қамқорындағыларына жаңажылдық сыйлықтар сатып алуға көмек сұрап келді. Біз осы сұрауларына үн қостық та, Мүсірепов атындағы ЖКТ-ғы театрлық көріністен кейін балаларға тәтті сыйлықтар ұсындық. Бұл сыйлықтар жаңажылдық үстеліне өте орынды, себебі, үйде білім алып жүрген мүгедек балалардың көбі аз қамтылған және толық емес жанұядан. Балалар мен олардың ата-аналары сыйлықтарға қатты қуанды және әкімшілік қызметкерлері мен біздің қордың қызметкерлеріне назар аударған үшін жылы алғыстарын айтты.
Сыйлықтарды Медеу ауданының барлығы 187 мүгедек бала алды. Сыйлықтардың бағасы 261 800 теңге тұрады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/1525-news-kz#sigFreeIdf7e8fd680d