Еліміздің әрбір азаматында қайырымдылыққа қатысудың жаңа мүмкіндігі пайда болды, бұл ретте ол үшін банкке барып, қандай да бір бланкілерді толтырып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Енді «АЯЛА» қайырымдылық қорының жобаларына аз болса да соманы аудару үшін «Таулинк» төлемдер қабылдау жүйесімен жабдықталған «Каз-Пресс» жақын киоскіне барса жеткілікті.
Бұл жүйенің клиенттері коммуналдық қызметтерді, ұялы байланысты, телевидениені және басқа да көптеген қызметтерді төлей алады. Бұл жүйе өте жақын аймақта орналасатындықтан тартымды, себебі Қазақстанда «Каз-Пресс» 300 киоскі бар және оның 100-і Алматыда орналасқан. Ал бұл қайырымдылық қызметке қатысу бүкіл қазақстандықтар үшін қолжетімді болды дегенді білдіреді.