6 жас– ол бала шақтың кемелдігі
«АЯЛА» қайырымдылық қор 2007 жыл наурызының аяғында тіркеуге тұрған болатын. Қордың миссиясы – қайырымдылықтың мәдениеті мен дәстүрін қалыптастыру. Осы миссияны атқару үшін, біздің ойымызша, қордың 6 жыл болу барысында көп жасады. Балалық медицина мен білім саласындағы жобаларды іске асыруға коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалардың өте көбі тартылды. Айтуға тұратыны - ол қайырымдылыққа бірінші рет қатыса, компаниялардың көбі нақты нәтижесін көре, кейін біздің қордың басқа да жобаларын іске асыруға талай неше рет көмектесе бастайды.
Қаражаттың көп сомасы әр түрлі жерлерге – асханаларда, мейрамханаларда, бутиктерде, аэропорттар мен көлікке жанармай құятын стансияларға орнатылған бокстардан жиналды. Ерекше «Қағанат» асханалар желісін белгілеуге тұрады. Барлығына белгілі зат, бұл, негізінде, студенттер мен бюджет саласының қызметкерлері тамақтанатын бюджет асханалар желісі. Бірақ, келіп кетушілердің саны көптігінен қаражат жинауға арналған бокстерде, шағын купюра мен тиындар болса да, маңызды сомалар топталады.
Қордың ересейю барысында, кейбір өзінің жоғары тиімділігін Алматы қаласында көрсете білген жобалар республикалық болып шықты. Қордың қызметкерлері мен біздің серіктестер, перинаталдық орталықтардың реанимация балалық бөлімдерін замануи медициналық аппаратурасымен қамтамасыз ету үшін көмек көрсетуге бағытталған «Тыныс ал, балақай» жобасының ұтымдылығына көздері жетіп отыр. Естеріңізге сала кетейік, осы жобаның шектеуінде, Алматы қаласының перинаталды орталықтары мен перзентханаларының барлығы, және Қарағанды, Семей, Өскемен, Атырау, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент пен Петропавловск қалаларындағы облыстық перинаталды орталықтар өмірлік қажеті зор жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Біздің қордың, бюджеттері ең әр түрлі – шамасынша арзаннан көпмиллиондыға дейін, балалық денсаулық сақтау және білім саласындағы көптеген жобалары жеткілікті. Біз, осы әлеуметтік маңыздылығы бар жобаларды бізге іске асыруға көмектесетін біздің елімізде мейірімді және жомарт адамдар өте көп, деп сенеміз. Барлық жобалар туралы біздің сайттың басты беттерінен біле аласыңыздар.