13-04-2013 Ресейде меценаттар және қайырымгерлер күні аталуда

«АЯЛА» барлық өзінің ресей әріптестерін осы ерекше мәні бар күнмен құттықтайды.

                                                  Желге қарсы тұрған гүлдің жұпары таралмайды,

 солай-ақ – сандал ағаштың, тагараның, ақгүлдің де. Ал рахымдының жұпары

желге қарсы болса да, таралады. Игі адам жердің барлық тесігіне

кіре алады.

Будда Гаутама

«АЯЛА» барлық өзінің ресей әріптестерін осы ерекше мәні бар күнмен құттықтайды. Сіздерге тиімді қайырымдылық, табысты фандрайзинг, және жаңа және қызық жобалар тілейміз.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейде осы меценат және қайырымгерлер Күні 2005 жылдан бері аталып келе жатыр. Бұл мерекені өткізу датасының таңдалуы да кездейсоқ емес. Біздің ғасырдың 70-ші жылдары бұл күні Гай Цильний Меценат (Gaius Cilnius Maecenas) өмірге келді. Бұл рим аристократы суретшілер, музыканттар, актерлерге қамқорлық көрсеткен болатын. Оның аты да жалпы болып қалыптасты – меценат.

Өкінішке орай, Қазақстандағы күнтізбеде меценат және қайырымгерлер күні жоқ. Біз өзіміздің әріптестеріміз бен депутаттарға және Қазақстан Республикасы қайырымдылығының дамуы бәрібір емес адамдардың барлығына, осы датаның біздің елімізде де мереке болып қалыптасуы үшін барынша шамамызды салайық, деп шақырамыз.