27-11-2013 Аналар күніне арналған гала-концерт

Бүгін Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің мәжіліс залында, онда Медеу ауданының...

Бүгін Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің мәжіліс залында, онда Медеу ауданының қарашада өткен мамалар арасындағы конкурстың қорытындысы жасалған гала-концерт өтті. Бұл конкурс екі кезеңнен тұрды. 2 апта бұрын ол мүмкіндіктері шектелген балалардың аналары арасында жүргізілді, ал, 20 қарашада көп балалы аналар арасында жүргізілген болатын. Жарысу кезеңдер үстерінде аналары өздерінің көптеген таланттарын көрсете білді – тамақ дайындауды, тігу, тоқу, ән айту, би билеу, тақпақ оқу және тағы көп басқа білімдерін. Балалар аналарына барлық өз таланттарын көрсетуге белсеңді көмектесіп жатты. Ал, конкурстың аты конкурс, сөйтіп, жарысудың әр күнінде 3 жеңімпаздан белгіленіп отырды. Солай-ақ, бүгінгі гала-концерт кезінде марапаттар, жеңімпаздарға да, және үш жүлде орындарынан төмен алғандардың барлығына да ұсынылды.

«АЯЛА» қоры және Gloria Inc. туристік агентстводағы біздің серіктестер демеушілер болып шықты. Біз бірінші орындар алған мамаларға сұйық кристалды теледидарлар бердік, басқа демеуші жүлдешілерге замануи шаңсорғыштар мен микротолқынды пештерді сыйлады. Біздің қор барлық қатысушыларға әдемі открытка-конверттерлердің ішіне салынған 20 000 теңге ұсынды. 4‑шіден 10-шы орындар алған барлық қатысушылар бізден әдемі,  дәмді және пайдалы жұпар иісі  аңқыған жеміс-жидек букеттеріне ие болды. Медеу ауданы әкімшілігінің әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамқор ету бөлімі қордың өкілдері мен туристтік Gloria Inc. агентствосына көмектескені үшін жылы алғыстарын айтты. Марапаттау жүргізу үшін «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен туристтік Gloria Inc. агентствосы 470 009 теңге жіберді. 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп