Медициналық жобаларды іске асыра тұра, біздің қор медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейлеріне көп көңіл аударады. Біз ауруханаға көп санды замануи қымбат бағалы жабдықтарды тапсырамыз, сондықтан, медицина қызметкерлері олармен біле және ұқыпты жұмыс істеуінде мүдделіміз, сондықтан біз неше түрлі тәжірибелер мен нұсқаулықтарды ұйымдастыруға тырысамыз. Ал, медиктердің қолындағы ең нәзік - ол балалардың өмірлері, сондықтан, тірі пациенттермен жұмыс істеп үйрету үшін қазіргі таңда замануи нақпішінді – адамның толық көлемді макетін пайдалану кең таралған.
Бүгін біз Алматылық медицина колледжіне жүрек-өкпе реанимациясы бойынша және пациенттерге бикештердің қарауы бойынша практикалық білім алуын пысықтау үшін жаңа туылған балалардың нақпішіндерін тапсырдық. Нақпішіндердің жалпы бағасы, және осы оқу құралдарын күту үшін керек бұйымдар жиынтығының бағасы 1 030 500 теңге болды. Орта медицина қызметкерлерінің жұмысында практикалық білімнің ең абзал мәні бар, себебі, кейде, пациенттерді күту ең жақсы жасаған операциядан да мәнді болады, пациентің қозғалуға мүмкіні жоқ, немесе ол өз-өзіне қызмет жасай алмайтын ауру жағдайында, мысалы, бұл жаңа туылған балалардың санатына жатады.
Алматы қаласындағы медициналық колледжінің директоры А. Садыкова: «Оқу үдерісін жетілдіруге қордың қатысуы медбикештер ісі мамандарын дайындау сапасын көтеру ісінде міндетті түрде өз жемісін әкеледі», - деді. Бұл жобаның демеушісі «АЯЛА» қайырымдылық қорының бұрыннан келе жатқан серіктесі – ШЕВРОН компаниясы болды.