Халықаралық балалар қорғау күніне қарсаң елдің барлық жерінде көптеген ең неше түрлі шаралар ұйымдастырылып жатады. Медеу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біздің қорға мүмкіндіктері шектеген балаларға арнап мереке ұйымдастырып беруге көмек көрсетуді сұрап келді. Бұл өтініш балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы болды. Мерекеге барлығы 180 бала қатысты. Біз балалық гамбургер-менюдің 180 порциясына қаражат бөліп бердік. «Эйр Астана» компаниясының билеттер сату кеңселерінде орналастырған қаражат жинауға арналған бокстардан алынған 153 000 теңге мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған мерекелерді ұйымдастыруға көмектесуге бағытталды.
Мерекелік бағдарламаға балалармен ойын ойнаған аниматорлар қатысты, сабын судың көпіршіктерінен жасалған ерекше шоу барлық мереке қатысушыларының назарын толық билеп алды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/2030-news-kz#sigFreeIdbeea308a82