Бүгін «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» қоры бірігіп ұйымдастырған қалалық мектептер, емханалар мен әлеуметтік мекемелерге жабдықтар сатып алу және орнату сертификаттарын тапсыру салтанатты рәсімін өткізді. Салтанатты рәсімге қала әкімі Мұқамеджанов Төлетай Төлеубайұлы, жергілікті үкімет өкілдері, медицина қызметкерлері, оқытушылар мен Ерейментау ауданының жұртшылығы қатысты.
«Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» қоры 2013 жылы бастаған әлеуметтік жоба аясында биыл Ерейментауда әкімдік саябағында бабалар алаңы, Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінде толықтай жабдықталған химия кабинеті ашылды, спорт алаңы орнатылды, сонымен қатар, Орталық аудандық ауруханаға (ОАА), әлеуметтік қорғау бөліміне және қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне медициналық жабдықтар сатылып алынды. Сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ОАА қабаттарында еркін жүріп-тұруы үшін көтеретін құрылғы орнатылды.
«Шеврон» компаниясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы директорының Орынбасары Фрэнк Кассулоның айтуынша, «Қазақстан Республикасында жұмыс істеген алғаш күндерінен бастап, «Шеврон» республиканың білім беру, медицина және әлеуметтік мекемелеріне қолдау көрсетіп келеді. Біздің әлеуметтік жобамыздың аясында былтыр ауданның 30 жалпы білім беру мектебіне интерактивті тақталар алынды; ОАА-ға заманауи ота жасайтын жабдық пен аппаратура орнатылды, және Ерейментау қаласының тұрғындарына 15 мүгедек арбасы мен арнайы керек-жарақтар тапсырылды. Біз осы жұмысты болашақта жалғастыруды жоспарлап отырмыз».
«Шеврон» корпорациясы әлемнің жетекші біріктірілген энергетикалық компанияларының бірі және Қазақстандағы ірі жеке мұнай және газ өндіру компаниясы болып табылады. Өзінің қызмет саласын кеңейте отырып, және ҚР Үкіметінің жаңғырмалы энергия көздерін дамыту бастамасын қолдай отырып, «Шеврон» қазіргі таңда Ерейментау ауданындағы «Самал» жел паркін құру жобасын жүзеге асыруда.
«Шеврон» корпорациясы жыл сайын Алматы, Астана және Атырау қалаларының медициналық және әлеуметтік мекемелеріне қажетті медициналық дәрі-дәрмек, компьютер және басқа да жабдықтар сатып алуға мүмкіндік беретін шараларды қолға алып келеді. Бұл бастамалар жергілікті және орталық мемлекеттік басқару органдарымен, қауымдастықтармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен серіктестікте жүзеге асырылады.
Бірнеше жыл бойы «Шеврон» компаниясы Қазақстан Республикасында ірі қайырымдылық жобаларымен танымал «АЯЛА» қорымен ынтымақтастық етуде. Қор қызметінің басты бағыты балалар медициналық және білім беру мекемелеріне, яғни аурухана, емхана, перзентхана, демалыс үйлері мен балалар үйлері, түзету бала бақшасы мен интернаттарға, сонымен қатар тұрмысы нашар балаларға арналған интернаттарға көмек көрсету болып табылады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/2037-news-kz#sigFreeId0557b0d63e