Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданының мүгедек балаларына мектепке керек жарақаттары бар аспа сөмкелер тапсыру рәсімі өтті. Бұл оқиға білім күніне ұшталған. Шараның демеушісі AB restaurants компаниясы болды. Мектеп сөмкесін 50 бала алды. Олардың жартысы арнайы (түзету) интернаттарында оқиды, жартысы білімді үйлерінде алып жатыр. Түрлі түсті аспа сөмкелерде оқу үшін барлық заттар бар – дәптер, қаламдар, қарындаштар, бояулар, фломастерлер, пластилиндер. Бұл сыйлық мүгедек балалардың жанұяларының үй бюджеттеріне жақсы жәрдем болып табылды. Қазіргі заманда оқушыны мектепке дайындау өте арзан емес «рахат» екенін барлығымыз білеміз. Әсіресе бұл бірінші сынып оқушысына қатысты.
Мүгедек балалар мен олардың жанұяларының атынан AB restaurants компаниясының басқармасы мен барлық қызметкерлеріне үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Біздің ойымызша, қайырымдылыққа қатысу, әсіресе, осы сияқты тиімдісіне, әр адамның моралды жетілгенінің белгісі болып табылады. Біздің қордың жобаларына қатысу AB restaurants компаниясы үшін жақсы дәстүрге айналар, деп сенеміз.