09-05-2016 Мәңгі есте сақтаймыз

Қазақстан халқы Жеңіс күнінің 71-ші жылдығын атап өтті! Ұлы отан соғысының ардагерлерін...

Қазақстан халқы Жеңіс күнінің 71-ші жылдығын атап өтті! Ұлы отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, көліктегі ішкі істер органдары Шығыс өңірінің бұрынғы соғыс ардагерлерінің жесірлерін құттықтау «АЯЛА» қайырымдылық қоры және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы үшін игі дәстүрге айналды.

Биыл азық-түлік қоржындарын 42 ардагер иеленді. Сыйлықтардың тізімінде – барлық қажетті заттар. Жүгері, жарма, қант, сабын, какао, шай, бұршақ, сиыр еті, печенье, макарон, май, вафли, сондай-ақ тәпішке, орамалдар, төсек орын жиынтықтары және басқа да көптеген заттар. Жалпы құны – 1 054 832 теңге. Қонақжай ардагерлер меймандарды ән айтып, шай ұсынып, қарсы алды. Біз құттықтаған ардагерлердің ішінде ең жасы үлкені 92 жаста екендігін атап өтеміз.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп