01-06-2016 Ең үздік суретке - сыйлық!

Балалықтың кітап әлемі. Осындай атаумен Сапарғали Бегалин атындағы Орталық қалалық...

Балалықтың кітап әлемі. Осындай атаумен Сапарғали Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында мерекелік іс-шара өтті. Оқырмандар мен қонақтарды балалар шығармашылық ұжымдарының, республикалық және қалалық конкурстар лауреаттарының, цирк және қуыршақ театры  әртістерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарлама таң қалдырды. Әрбір қатысушы өз қалауымен ұнаған іс-шараны таңдауға мүмкіндік алды. Белсенді демалысты жақсы көретін балаларға «Спорт қалашығы» ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары «Кітап қалашығы шақырады» атты қызықты іс-шараға қатысып, онда өз қолдарымен қағаздан ертегілік тәж жасады. Сонымен бірге полиглоттар, болашақ физиктер мен актерлерге арналған шеберлік кластары өткізілді. Кішкентай суретшілер «АЯЛА» қорынан және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясынан сыйлықтар алды. «Асфальттағы ең үздік сурет» конкурсының 10 жеңімпазына құлаққаптар және 3D көзілдіріктер сыйға тартылды.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп