Біздің командамыз қыркүйектің басында Оңтүстік Кореяға, Пусан қаласына жұмыс сапарымен барды. Қазақстандық делегацияның құрамында «АЯЛА» қорының медициналық жобаларының жетекшісі Берік Даржанов, Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының бас маман-балалар дәрігері Әсел Бисенбаева, Балалар медициналық жедел жәрдем орталығының бас дәрігері Абай Құсайынов және басқа мамандар бар. Барлық шақырылған қонақтарды Пусан Ұлттық Университетінің өкілдері, олардың ішінде мекеменің президенті Ли Чанг Хун қуана қарсы алды.
Үш күндік бағдарлама мазмұнды болды. Қазақстандық өкілдер кәріс әріптестерімен араласты, ал олар, өз кезегінде госпитальды таныстырды. Сонымен бірге медициналық жабдықтың көрмесі болды.
Осыдан 3 жыл бұрын ПҰУГ Оңтүстік Кореяның қоғамдық денсаулық сақтау саласында ең жоғары рейтингті жеңіп алғанын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Госпитальда түрлі бағыттағы мамандар – эндокринология, хирургия, кардиология, педиатрия, онкология және басқа мамандар жұмыс істейді. Маусымның соңында Алматыда ПҰУГ мамандарының түрлі ауруы бар шамамен 60 балаға тегін кеңес берді. Профессорлар кішкентай балаларды Балалар медициналық жедел жәрдем орталығының базасында қабылдады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/2303-news-kz#sigFreeId9536e4ec66