Қайырымдылық жасағың келеді, бірақ қалай екенін білмейсің бе? Қазақстанның жаңа «CashMe» қосымшасының әзірлеушілері өте қолжетімді тәсілді ұсынады!
Сонымен, «CashMe» дегеніміз не? Бұл – жарнаманы көруге сыйақы ұсынатын мобильдік қосымша. Қосымшаның пайдаланушылары жарнама ақпаратты көріп қана қоймай, көргені үшін мобильдік бірлік түріндегі бонустарды да алады! Немесе сол бонустарды олар қайырымдылыққа аудара алады. Ол үшін не істеу қажет?
Біріншіден, Сіз қосымшаны телефонға жүктеп алуыңыз қажет. Екіншіден, жарнама материалын қарау керек. Үшіншіден, «қайырымдылыққа сыйақы жіберу» бағанының тұсында қанат белгіні қою кереу. Нәтижесінде, жарнаманы қарағаннан кейін белгілі бір жалпы сомаға жеткен кезде қаражат «АЯЛА» қорына жіберіледі.
Сурет форматындағы әрбір жарнаманы қарағаннан кейін Сізге 10 теңгеден есептеледі. Жарнамалық слайд шоу қарағаны үшін 15 теңгеден есептеледі. Жарнама бейнеролигін қарағаны үшін 50 теңгеден есептеледі. Маркетингтік зерттеу шеңберінде әрбір толтырылған сауалнама үшін Сіз 150 теңгеден аласыз.
Қосымша авторларының айтуынша, оны құру туралы идея екі жыл бұрын пайда болды. Енді ол іске асты! Cash me әзірлеушілерінің айтуынша, пайдаланушылар үшін де, жарнама берушілер үшін де айқын жағымды жақтары бар. Мәселен, жарнама берушілер жасын, жынысын, әлеуметтік мәртебесін және өңірін көрсете отырып, өзінің өнімі туралы ақпаратты нысаналы аудиторияға тиімді түрде жеткізе алады. Пайдаланушылар, есептелген бонустарды қоспағанда, түрлі жеңілдіктер, сондай-ақ әріптестерден қызықты ұсыныстар ала алады.