09-05-2017 Мерекелеріңмен, қымбатты ардагерлер!

«АЯЛА» қоры қымбатты және сүйікті ардагерлерді ең тебірентерлік мерекемен құттықтады...

«АЯЛА» қоры қымбатты және сүйікті ардагерлерді ең тебірентерлік мерекемен құттықтады. Біздің командамыз дәстүр бойынша  Samsung Electronics Central Eurasia компаниясымен бірлесіп алдын ала азық-түлік жиынтықтарын сатып алды. Біз май, қарақұмық, макарон, кәмпит, печенье, күріш, консервілер және басқа да тағам түрлерін әдемі орап, майдан ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне салтанатты түрде тапсырдық. Іс-шараға қатысқан ардагерлердің ең үлкені 99 жаста, ал ең жасы 92 жасқа толды. Біздің жеңімпаздарымыз қонақтарды күлімсіреп қарсы алды, өз өмірлері туралы анекдоттар мен әңгімелер айтты. Мерекелік жіберілімдерді біз сондай-ақ Тараз, Риддер, Үштөбе, Талдықорған, Семей, Түркістан, Өскемен және басқа қалалардың ардагерлеріне жібердік. Барлығы – 48 жиынтық.

«АЯЛА» қоры барлық ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және ашық аспан тілейді. Жеңіс Күні құтты болсын!

 Барлық фотосүреттерді жүктеп