Бұл жерде барлығы да кәдімгі мектептегідей. Ұқыпты оқушылар, қамқор ұстаздар, және әрине, оқу процесіне басшылық ететін директор. Тек сабақтар қажетті құрал-жабдығы бар кабинетте емес, интернетте өтеді. Қазақстанда алғаш рет виртуалды «Қайырымдылық жасаушы мектебі» ашылды. Бұл жерде ұстаздардың орнында – белгілі актерлер, блогерлер, журналистер, теле- және радиожүргізушілер, дизайнерлер. Оқушылар рөлінде – қайырымдылық жасағысы келетін, бірақ оны қалай жасауды білмейтіндердің барлығы. Ал директор – «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Барлығы 9 сабақ. Олардың әрқайсысында – қайырымдылықты неден бастаудың қажеттілігі туралы, көмектің қандай «құралдары» бар екендігін, өз ұсыныстарыңмен қайда өтініш жасауға болатыны туралы, қандай еріктілер жобаларының бар екендігі туралы және тағы да басқа көптеген мәселелер туралы жан-жақты айтып береді. Мысалы, белгілі радиожүргізуші Диана Снегина көмек көрсету үшін супербай болу міндетті емес екендігін хабарлады. Балалар үйіне немесе арнайы интернатқа келіп, өз дарыныңды: аспазшы, шаштараз және т.б. балаларға көрсету жеткілікті. Ал актер Ерден Телемісов көмектің көптеген тәсілдері: бокстар, смс барын айтып берді. Блогер Мөлдір Айдаш тағы да интернет-банкингтің және терминалдардың бар екендігін қоса айтты. Осылайша, сіздер үйден шықпастан біреудің өмірін құтқара аласыздар. Жастар арасында танымал вайнер Бексұлтан Қазыбек өз тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, күнтізбеде балаға қуаныш сыйлауға мүмкіндік беретін себептер көп. Мысалы, Дүниежүзілік театр күні. Кез келген адам өзі таңдаған қорға келіп, балаларды театрға апаруға ұсыныс жасай алады.
«АЯЛА» қайырымдылық қорының «Қайырымдылық жасаушы мектебіне» Ерден Телемісов, Ольга Спирина, Майя Веронская, Бауыржан Сатов, Диана Снегина, Оксана Лоскутова, Бексұлтан Қазыбек, Майя Ақышева, Александр Шумский, Жанна Рахымжанова, Мөлдір Айдаш, Әсем Нұрсейітова, Жұлдыз Әбділда, Азиза Айбадуллина қолдау көрсетті. Қордың әлеуметтік беттерінде сабақтармен жан-жақты танысуға болады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/2517-news-kz#sigFreeIdbab540e71d