Вritish American Тobacco компаниясымен ынтымақтастық жасаудың кезекті кезеңі Алматы қаласындағы Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 9 арнайы (түзету) мектеп-интернатына, Өтеген батыр ауылындағы Алматы өңірлік балалар ауруханасына, Бостандық ауданының Жұмыспен қамту бөліміне және психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға арналған күндізгі орталыққа техника тапсырумен аяқталды. Компания бұл мекемелерге 19 жүйелік блок, 4 принтер, 2 ноутбук және 3 фотоаппарат берді.
«Заттай» қайырымдылық жасау – біздің қамқорлығымыздағы балаларға тиімді көмек көрсетудің бір түрі. Компьютерлік техниканың, фотоаппараттардың және ноутбуктардың жаңартылған үлгілері Алматы қаласының және Алматы облысының білім беру және медициналық мекемелерінің жұмысында едәуір көмек болады.
Біздің қорымыздың қамқорлығындағы балалардың атынан Вritish American Тobacco компаниясының басшылығына және ұжымына еліміздің жас ұрпағының игілігі жолындағы көп жылдық ынтымақтастығы үшін үлкен және шынайы алғыс білдіреміз.