Жаңа жыл басталғанға дейін бір ай бұрын Алматы қ. Бостандық және Түрксіб аудандарында тұратын, мүмкіндігі шектеулі 115 бала Аяз Атаға хаттар жазды. Бұл балалар өздерінің денсаулық жағдайына орай мектепке бара алмайды және үйінде білім алады. Бір ай бойы балалардың хаттары біздің демеушілеріміз – Saks Fifth Avenue, Қазақстан Халық банкі, Oriflame, Starbucks, Swiss Perfection, ADD Capital офистеріндегі және бутиктеріндегі шыршаларды безендіріп тұрды. Келушілер және қызметкерлер балалардың тілектері жазылған хаттарды оқып, конвертке сыйлық сатып алуға қажетті соманы салды. Сонымен қатар сыйлықты өздері сатып алып, біздерге әдемі оранған күйінде ұсынған адамдар да болды.
Бүгін біз ғажайыптар және тілектерді орындау мерекесін бірге атап өту үшін барлық балаларды және олардың ата-аналарын ҚР Ұлттық кітапханасының кинозалына шақырдық. Қор қонақтар үшін сайқымазақтардың, акробаттардың, жонглерлердің және жаттыққан жануарлардың қатысуымен цирк бағдарламасын дайындады. Одан кейін Аяз ата мен Қарша қыз шығып, әрбір балаға сыйлық тапсырды. Негізінен балалар смартфондар сұрады, себебі өмірінің басым бөлігін олар үйінде өткізеді және сыртқы ортамен байланысты орнатуға мұқтаж. Сонымен қатар балалар сөйлейтін қуыршақтар, радиобасқарылатын машиналар, үстел үстіне қоятын ойындар, конструкторлар және басқаларын сұрады. Негізгі сыйлықтан басқа әрбір бала Samsung компаниясынан кәмпит жиынтығын алды. Іс-шараның бюджеті 925 190 теңге болды.
Балалардың және олардың ата-анасының атынан біз Saks Fifth Avenue, Қазақстан Халық банкіне, Oriflame компаниясына, Starbucks кофейнясына, Swiss Perfection сұлулық орталығына және Samsung Electronics компаниясына біздің жаңа жылдық жобамызға қатысқаны үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Бүгін біз 115 балаға бақыт сыйладық. Мерекеге келіп, хаты бойынша сұраған сыйлығын жеке тапсырған жоба қатысушыларына жеке алғыс білдіреміз. Сіздердің осындай жобаларға қатысуларыңыз біздер үшін аса маңызды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/2767-news-kz#sigFreeIdb8bccfda91