22-12-2017 Аяз Атадан тосынсый

Жаңа жыл қарсаңында «АЯЛА» қайырымдылық қоры және «СпецТрансЭкспресс»...

Жаңа жыл қарсаңында «АЯЛА» қайырымдылық қоры және «СпецТрансЭкспресс» компаниясы Қазақтың онкология және радиология ҒЗИ-нің кішкентай науқас балалары үшін тосынсый жасады. Мекеме психологы осында ем қабылдап жатқан 11 ұл-қызбен әңгімелесіп, олардың тілектерін білді. Балалар Аяз Атадан алғысы келетін сыйлықтары туралы айтып берді. Бүгін ешқандай күдігі жоқ балаларға осы сыйлықтар тапсырылды! Тосынсый керемет болды! Қор балаларға сыйлықтар алу үшін 100 000 теңге аударған «СпецТрансЭкспресс» компаниясына алғыс білдіреді.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп