09-05-2018 «АЯЛА» және Samsung ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтады

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы 67 соғыс ардагері, еңбек майданына...

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы 67 соғыс ардагері, еңбек майданына қатысушылар және ардагерлердің жесірлері үшін азық-түлік өнімдерінің жылдық қорын және әдемі гүл шоқтарын дайындады.

Олардың 17-сі Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс аймағында тұрады, қалған 50 адам – алматылықтар. Мереке қарсаңында «АЯЛА» қорының волонтерлер командасы және Samsung қызметкерлері ұн, жарманың алуан түрлері, күнбағыс майы, шай, түрлі консервілер және тәттілер сияқты азық-түлік өнімдерінен тұратын сыйлық жиынтықтарын таратты.

Біз ардагерлерімізге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!

 Барлық фотосүреттерді жүктеп