07-05-2019 Starbucks пен «АЯЛА» қайырымдылық қоры ардагерлерді құттықтады

"Кем дегенде кофенің дәмін татып, қазіргі жастардың қалауын түсіндік! " – деп әзілдеді...

"Кем дегенде кофенің дәмін татып, қазіргі жастардың қалауын түсіндік! " – деп әзілдеді ардагерлер Нұр-Сұлтан қаласының балалар үйі тәрбиеленушілерімен кездесу кезінде. Кездесу Жеңіс Күні қарсаңында, Starbucks кофеханасында өтті. Екі ұрпақтың өкілдері қызықты әңгімелермен бөлісті. Осы шақырылған қарттар соғыс уақытында, кездесуге келген балалар секілді 6 мен 14 жас арлығындағы бала болған еді.

Балалар ардагерлер әңгімесін таңырқай тыңдады. Мәселен, Александр Нагорный Донбаста туған, ол 6 жасқа толғанда неміс армиясы Кеңестер Одағының аумағына басып кірген. Немістің бір мейірімді солдаты оны басқа балалармен бірге әскери машинада қыдыртқаны оның әлі есінде екен. Ал басқа неміс солдаты оларға өз отбасының суретін көрсетіпті.

Іс-шара кезінде ересек ұрпақ өкілдері жастарға: жаман әдеттерді үйренбей денсаулығын күтуге, жақындарын, педагогтар мен жалпы үлкендерді тыңдауға және құрметтеуге, әрине, Отанды сүюге, қажет болса оны қорғауға кеңес берді.

Кездесуді «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен Starbucks кофеханасы ұйымдастырды, ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ардагерлерді көлікпен қамтамасыз етті.

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп