09-05-2019 Samsung пен «АЯЛА» ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы 56 соғыс ардагерлеріне және еңбек...

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы 56 соғыс ардагерлеріне және еңбек майданына қатысушыларға әдемі гүл шоқтары мен азық-түліктің жылдық қорын дайындады.

Олардың 15-і Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс өңірінде тұрады, қалған 41 адам – алматылықтар. Мереке қарсаңында «АЯЛА» қорының еріктілер командасы және Samsung қызметкерлері ұн, жармалардың әралуан түрі, күнбағыс майы, шай, әртүрлі консервілер мен тәттілер секілді өнімдерден тұратын сыйлықтар таратты.

Біздің ардагерлерге денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз!

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп