Жыл сайын 5 шілдеде Қазақстанда Донор күні өтеді. Samsung компаниясы «Аяла» қорының бастамалары мен маңызды әлеуметтік шараларына әрдайым белсенді қолдау көрсетеді. Биыл осы компанияның 11 қызметкері Алматы қаласының Қан орталығында донор болды. Өз қызметкерлеріне және олардың денсаулығына қамқорлық жасау мақсатында Samsung осы қайырымдылық шарасына қатысқан барлық қызметкерлерге Little Brazil мейрамханасында ланч берді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/3091-news-rus#sigFreeIda7c28b1911