15-08-2019 Арыс балаларымен өткізген белсенді күн

Балалар үшін қызықты және белсенді әрекетке бағытталған ойын-сауық ұйымдастыру...

Балалар үшін қызықты және белсенді әрекетке бағытталған ойын-сауық ұйымдастыру – бұл біздің баяғыдан бергі және сүйсіне орындайтын ісіміз! Бұл аптада біз Арыстан келген балаларды астанада күтіп алдық және олардың уақытын қызыққа толтыруға тырыстық.

Біздің қор қызметкерлері 70 ұл мен қызды поезд вагонынан күтіп алып, өте жайлы автобустарға отырғызды және «Керуен-Сити» СОО-на апарды. Онда балалар алдымен аниматорлармен екпінді жаттығу жасап ұйқысын шайдай ашып сергіді, содан кейін белсенді ойындар ойнап, дәмді түскі ас ішті, және Mega Silk Way-ға барды. Мұнда оларға арналған қызықты бағдарламаның екінші бөлігі бар еді. Арыстан келген балалар алдымен «Эврикум»-ның танымдық алаңы арқылы өтті, содан соң Хэппилон аттракциондарына барды, ақыр соңында – Line Brew мейрамханасында дәмді кешкі ас ішті.

Оларға еліміздің астанасында шадыман және ойын-сауыққа толы күн сыйлағанымызға қуаныштымыз!

 

  Барлық фотосүреттерді жүктеп