27-08-2019 Шевронның бағдарламалары астананың мыңдаған тұрғынына демеу болады

Тағы да арнайы 9 қоғамдық және білім беру мекемелеріне арнайы жабдықтар сыйға...

Тағы да арнайы 9 қоғамдық және білім беру мекемелеріне арнайы жабдықтар сыйға тартылды. Астананың он әлеуметтік, білім беру және медициналық мекемелері балалар мен мұқтаждығы ерекше адамдардың оқу процесі мен күнделікті өмірін жеңілдітуге мүмкіндік беретін жабдықты сыйға алды. Дамуы тежелген балаларды арнайы түзету жабдықтарымен қамтамасыз ету, балалардың ойын бөлмелері мен алаңдарын жарақтандыру, сондай-ақ мұқтаждығы айрықша адамдарды бейімдеуге және психологиялық, әлеуметтік, біліммен, еңбекпен және спорттық оңалтуға септігін тигізетін кешенді бағдарламаларды іске асыруға бағытталған жобаларды «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Шеврон» компаниясының қаржылай қолдауымен жүзеге асырды.

Әлеуметтік бағдарлама шеңберінде «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» қоры №10 мектеп-гимназияда бірегей дыбыс жазу студиясын жабдықтады. Бұл астанадағы жалғыз инклюзивті білім беру мекемесі, мұнда 2005 жылдан бері барлық балалармен бірге көзі нашар көретін балалар, ал 2015 жылдан бері – көзі мүлдем көрмейтін балалар оқиды. Қазір 1400 оқушылар ішінен көру мүмкіндігі шектелген 200 бала мектеп-интернатта тәрбиеленуде. Мұнда оқушылардың вокалдық қабілетіне белсенді қолдау көрсетіледі. Ал тәрбиеленушілердің бірі, Дильнура Біржанова, X-Factor жобасының 7-ші маусымының жеңімпазы атанды. Музыка сабақтары да инклюзивті түрде өтеді, сондықтан оқушылар дыбыс студиясын бірге пайдаланып, ән, музыка және тіпті аудио кітаптар жазатын болады.

 №1 мектеп-интернатта БЦП, Даун синдромы, психикалық дамудың тежелуі, ақыл-ой кемтарлығы және сондай диагноздармен байланысты айрықша білім беруге мұқтаж 302 оқушы оқиды. Олардың арасында жетім балалар, толық емес және көп балалы отбасы балалары бар. Бұлар үшін «Шеврон» компаниясы сенсорлық бөлме сатып алды. Ол тәрбиеленушілерге назарын аударуды үйретуге және қолмен сезінуді дамытуға көмектеседі.

№2 оңалту орталығына сөйлеу қабілетін түзетуге және одан әрі нашарлауын болдырмауға арналған БОС «КОМФОРТ ЛОГО» кешені табысталды. Орталықта сәбилерден бастап 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер айналысады. Жыл сайын 380-нен астам бала мұнда оңалту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасынан өту мүмкіндігін алады.

№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті «Шеврон» компаниясынан интерактивті құмсалғышты сыйға алды. Ол көру, сөйлеу қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға қолмен және түспен сезінуді дамыту арқылы оқытудың әралуан курстарынан өтуіне көмектеседі. Жұмысының 5 жылында орталықтан 1037 бала көмек алды.

Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған «Жансая» № 83 сәбилер балабақшасы – бұл инклюзивті балабақша, мұнда сөйлеу қабілеті айрықша балалар кәдімгі балалармен бірге оқу мүмкіндігін алады. «Шеврон» компаниясы «Дэльфа» логопедтік тренажерын және қойылымдық зондтарын тарту етті, олар педагогтардың сөйлеу қабілетін түзету сабақтарына көмектеседі.

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет ету орталығында 277 бала тұрақты тұрады, олардың жартысынан астамы жанұясыз қалған, көпшілігі бірінші және екінші топтың мүгедектері. «Шеврон» компаниясының қолдауымен орталық қазір сөйлеу тренажерларымен қамтылған, ал ондағы балалардың – заманауи ыңғайлы жабдықта сөйлеу қабілетін түзеуден өту мүмкіндігі бар.

Қалалық №2 балалар ауруханасына 10 жаңа медициналық кресло-арбалар берілді. Бұған қоса, МРТ кабинеті кішкентай емделушілердің көңілін көтеру және сауығуға ниетін арттыру үшін ертегі кейіпкерлерінің түрлі-түсті суреттерімен әшекейленетін болады. Қалалық № 2 көп бейінді аурухана «Шеврона» компаниясынан жаңа ойын бөлмесін, ал облыстық № 2 көп бейінді аурухана – ойын холлын алды.

«ДОС» Тәуелсіз өмір» Орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі «Шеврон» компаниясынан «Шектелмеген мүмкіндік технологиялары» жобасын іске асыру үшін қаржы алды. Бұл қаражат мүмкіндігі шектеулі адамдар еңбек ететін конструкторлық бюроны дамытуға жұмсалады. Олар тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың тұрмысына, жұмысына, күнделікті өміріне, спортпен шұғылдануына және саяхаттауына көмектесетін арнайы көмекші құралдар мен құрылғыларды әзірлеумен және өндірумен айналысатын болады.

Атап айтқанда, «ДОС» орталығының негізінде өз бетінше киім ауыстыруға мүмкіндік беретін қолтық асты құрылғысы, терезе желдеткіші мен пластик терезелерді өз бетінше ашуға арналған құрылғы, адамдардың дербес параметрлері бойынша парктерде, пәтерлерде орнатуға болатын спортпен айналысуға көмектесетін «буынтірек» құрылғысы және адамдардың мұндай санатының өмірі үшін қажетті басқа керек-жарақтар өндірісін іске қосу жоспарланып отыр.

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп