Халықаралық қайырымдылық күні Қазпошта қазақстандықтарға «АЯЛА» қорының қайырымдылық жобаларына қатысу мүмкіндігін беріп отыр. Енді Қазақстанның кез келген жеріндегі Қазпоштаның барлық бөлімшелері мен терминалдары біздің қордың бағдарламаларына қайырымдылық жәрдемін қабылдайды.
Қордың қайырымдылық жобаларына Қазпошта арқылы қаражат аудару өте оңай. Кез келген бөлімшенің операторына жүгіну және «АЯЛА» қорына қаражат аударғыңыз келетінін хабарлау керек. Оператор ақшаны қабылдайды және қаражатты қордың шотына аударады. Қазпоштаның терминалдары арқылы ақша аудару үшін «Өзге төлемдер» терезесін таңдап, «Қорлар» терезесіне өту, «АЯЛА»-ны таңдау және ақша салу керек.
«АЯЛА» - Қазақстанның беделді қайырымдылық қоры, өзінің 12 жыл ішіндегі жұмысы барысында әлеуметтік проблемаларды шешуге, сондай-ақ балалардың өмірін құтқаруға бағытталған көптеген жобаларды іске асырды. Бүгіннен бастап қормен серіктес болу арқылы Қазпоштаның да Қазақстандағы қайырымдылық мәдениетін дәріптеуге септігін тигізетіні көңілге қуаныш ұялатады. Біз қазақстандықтарды біреудің проблемаларына немқұрайлы қарамауға және Қазпоштаның кез келген бөлімшесінде қайырымдылық жәрдем беру арқылы қордың жобаларына белсене қатысуға шақырамыз», - деді «Казпошта» АҚ маркетинг және PR департаментінің директоры Дилара Зарлыкова.
Халықаралық қайырымдылық күні (International Day of Charity) БҰҰ Бас Ассамблеясының 2013 жылғы 7 наурыздағы № A/RES/67/105 қарарымен белгіленді және жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтіледі. Күннің мақсаты – кедейлік пен өткір гуманитарлық дағдарыстардан арылуға, мұндай ұйымдардың жұмысын ынталандыруға және волонтерлік және қайырымдылық қызметке қатысу үшін әлемдегі адамдарды және әртүрлі мүдделі тараптарды жұмылдыруға бағытталған қайырымдылық ұйымдары мен жекелеген адамдардың қызметіне жұртшылықтың назарын аудару.