«АЯЛА» қайырымдылық қоры бесінші жыл «Астана Марафон»-ға ондаған жүгірушілерді біріктіріп келеді. Биыл екі компанияның - «КАТКО» мен «Қамқор Менеджмент» компанияларының 59 қызкеткері біздің «Айрықша балаларға – айрықша назар» қолдау көрсету үшін 10 және 42,2 км қашықтықты жүгіріп өтті.
«Астана Марафон»-ға корпоративті түрде қатысқаны үшін жиналған қайырымдылық жарнасы 2 миллион теңгені құрады. Бұл қаражатқа біздің қор Нұр-Сұлтан қаласындағы № 1 психолиялық-педагогикалық түзету кабинетіне TOMATIS TalksUP аппаратын сатып алады және мамандарды онымен жұмыс жүргізуге оқытады. Бұл кабинетте есту қабілеті түрлі деңгейде бұзылған: нашар еститін, кохлеарлық имплантат тағып жүретін 850 бала жыл сайын сауығудан өтеді.
TOMATIS TalksUP аппараты дыбыстың ауытқуын ауа және бас сүйек арқылы береді, бұл олардың ықпалының тиімділігін күшейтеді. Өйткені есту қабілеті бұзылған кезде ми дыбыстарға назар аудармайды: дыбыс құлақ арқылы келгенімен оны дұрыс талдай алмайды. Томатис әдісі мидың дыбыстық сенсорлық жолдауға неғұрлым мұқият болып, дұрыс естуді қалпына келтіру мүмкіндігін көтереді. Бұл ми болжай алмайтын күтпеген өзгерістерді түрлендіру арқылы жүзеге асырылады.
Томатис әдісі бойынша бағытталған дыбыстық ықпал 2 жастан бастап сөйлеу, дауыс, мінез, оқып-үйрену, есте сақтау, эмоциялық күй, қимыл үйлесімі проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Бұл әдіс оның авторы - француз ғалым-отоларингологы Альфред Томатистің құрметіне аталды және әлемде 60 жылдан астам уақыт қолданылып келеді. Осы бірегей дәрі-дәрмексіз терапия 75 елде өзінің тиімділігін көрсетті және қазір ол 2000-нан астам орталықта есту қабілетін түзетуге көмектесу үшін пайдаланылады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/other-institutions-kz/item/3157-news-rus#sigFreeId868aa03f7d