Мойынқұм ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне арнап «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Нумикон» бағдарламасын сатып алғанын қуана хабарлаймыз.
Бұл балаларға математика оқытуға арналған бірегей бағдарлама. Ол математика пәнін оқуда қиналатын балалар үшін Англияда 1996–1998 жж. әзірленді. "Нумикон"-да 1-ден 10-ға дейінгі сандар әртүрлі түстегі пластмассадан жасалған пішін-үлгілермен көрсетіледі, осының арқасында олар көру мен сипап сезу арқылы түйсінуге ыңғайлы. Бұл бағдарламамен айналысу баланың сезіммен қабылдаудың әртүрлі – есту, көру, түйсіну, қозғалу және сөйлеу арналарын іске қосады.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті өсіп даму проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтумен және әлеуметтік бейімдеумен айналысады. Сонымен қатар мұнда айрықша мұқтаждығы бар балалардың отбасыларына кеңес беріледі. Бүгінгі күні кабинетте түзету және дамыту бағдарламасы бойынша 86 бала айналысады, олардың 13-і – мүмкіндігі шектеулі балалар.
Естеріңізге сала кетсек, АЯЛА» қайырымдылық қоры балалардың медициналық және білім беру мекемелеріне көмек көрсету үшін sms-қайырмалдық және онлайн-банкинг арқылы қаражат жинайды.