26-11-2008 Бірінші курс студенттерін құттықтау

Бұл күні қалалық әкімдікте орта және жоғары оқу орындарының бірніші курсында...

Бұл күні қалалық әкімдікте орта және жоғары оқу орындарының бірніші курсында оқитын жетім балаларды құттықтап жатты. Біздің қордың қызметкерлері де осы шараға шақырылған болатын. Біз де құр қол келмедік.

Колледжге, лицейге, университетке түсе алған 64 баланың әрқайсысына біз 10 мың теңгеден табыстадық. Бұл ақшаны студенттерге қажетті оқулықтарға және кеңсе заттарына жұмсаңдар деген тілек айттық. Біздің қорға білім беру департаментінің қызметкерлері және, әрине, балалардың өздері ризашылығын білдірді.